Қордай: Ауыл тұрғындарымен жауын тілеу намазы оқылды

Қордай: Ауыл тұрғындарымен жауын тілеу намазы оқылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қуаңшылық орын алып, жаңбыр жаумай қалған жағдайда ислам дәстүрінде жауын тілеу дұғасы жасалады. Кейбір қоғамдарда адамдар Раббысын ұмыт қалдырып, түрлі күнәларға бой алдырғанда, Алла Тағала оларды сынау үшін қуаңшылық жіберуі мүмкін. Қасиетті Құранда Нұх пайғамбар мен Мұса пайғамбар сияқты пайғамбарлардың өз қауымдары үшін жауын сұрап дұға еткені баяндалады.

Көктем айларында жауын-шашынның аз болуы егіннің көтерілуіне, ағаштардың өсуіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Осыған байланысты Қордай ауданы, Қордай ауылы аумағындағы «Рахман» мешітінің имамы Нұрмұхамед Сәбитұлы ауыл тұрғындарымен бірге жауын тілеу намазын оқыды. Жаратқан елімізге береке беріп, жерімізді жайқалтып, әлемге тыныштық пен бейбітшілік нәсіп етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: