#Шу: «Нұр-Мүбарак» университетінің ұстазы Шу ауданында жамағатпен кездесті

#Шу: «Нұр-Мүбарак» университетінің ұстазы Шу ауданында жамағатпен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданындағы «Тоғай» мешітінде маңызды рухани кездесу өтті. Арнайы қонақ ретінде «Нұр-Мүбарак» университетінің ұстазы Ризабек Батталұлы келіп, жамағатпен мазмұнды сұхбат құрды.

Кездесу барысында діндегі түрлі ағымдар, олардың ерекшеліктері мен қоғамға тигізер әсері кеңінен сөз болды. Әсіресе, жат ағымдардың зияны жан-жақты түсіндіріліп, олардың жастар санасына кері ықпалы туралы нақты мысалдар келтірілді.

Ұстаз өз уағызында дәстүрлі ислам құндылықтарын берік ұстанудың маңыздылығына тоқталып, ата-баба жолындағы салт-дәстүр мен дінді үйлестіре отырып өмір сүру қажеттігін атап өтті.

Жамағат үшін тағылымды өткен кездесу соңында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Шара діни сауаттылықты арттырып, қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталды.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: