#Шу: “Жәми” мешітінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өмірінен сира жарысы өтті

#Шу: “Жәми” мешітінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өмірінен сира жарысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданы «Жәми» мешітінде әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірінен сыр шертетін сира тақырыбында танымдық жарыс ұйымдастырылды.

Жарысқа қатысушылар пайғамбарымыздың өмір жолы, өнегесі мен хадистері бойынша білімдерін сынап, өзара бақ сынасты. Байқауға Қордай ауданынан арнайы келген ұстаздар қазылық етіп, қатысушылардың білім деңгейін әділ бағалады.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен шәкіртке қасиетті Умра сапарына жолдама табысталды. Бұл игі шара жастарды білімге, имандылыққа баулып, пайғамбарымыздың өнегелі өмірін үлгі етуге бағытталған маңызды рухани іс-шара болды.

Шу аудандық “Жәми” мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: