“Жәми” мешітінің әйел-қыздар жамағаты Айт мерекесіне орай бас қосып, бір-бірін қасиетті мерекемен құттықтады.
Шара барысында жамағат өзара жылы лебіздерін білдіріп, сыйлықтар табыстады. Бұл игі іс – бауырмалдық пен сыйластықты арттырып, мерекенің мәнін тереңдете түсті.
Кездесу көтеріңкі көңіл-күйде өтіп, әйел-қыздар қауымы бірлік пен татулықтың жарқын үлгісін көрсетті.
Шу аудандық “Жәми” мешітінің баспасөз қызметі.


03 Тамыз 2026
18 Сафар 1448

