#Мойынқұм: Мойынқұм ауданыңда Наурыз мерекесі тойланды

#Мойынқұм: Мойынқұм ауданыңда Наурыз мерекесі тойланды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мойынқұм ауданында ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі кеңінен тойланды. Алаңда киіз үйлер тігіліп, жамағатқа ақ дастархан жайылып, ұлттық тағамдар ұсынылды.

Мереке барысында түрлі спорттық ойындар ұйымдастырылып, қатысушылар арқан тартыс, садақ ату, қол күрес сынды ұлттық ойындарда өзара бақ сынасты. Жиналған көпшілік мерекелік көңіл-күйге бөленіп, бірлік пен татулықтың жарқын көрінісіне куә болды.

Бұл шара ұлттық дәстүрлерді дәріптеп, ұрпақтар сабақтастығын нығайтқан тағылымы мол мерекеге айналды.

Мойынқұм аудандық “Мойынқұм” мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: