Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Рахым Сәбденов ауылдық «Отарымбет» мешітінің имамы Қалтай Спанұлы айт намазынан кейін жамағат арасында Гір тасын көтеруден сайыс өткізді. Сайысқа үлкені бар, кішісі бар бас-аяғы 8 адам қатысып, күш сынасты. Күш атасын танымас, демекші үлкен кішіге қарамай әділ өткен сайыста білегі мықты ағамыз жеңіс тұғырына көтерілді. Жеңімпаздарға алғыс хат пен ақшалай сыйлықтар табысталды.
Ұлттық ойындар арқылы біз ата-бабаларымыздың өмір сүру салты, олардың күнделікті тұрмысы, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы құнды ақпарат аламыз. Олар халықтың рухани және физикалық дамуына, патриоттық сезімін қалыптастыруға, сондай-ақ жастарды ұлттық құндылықтарға тәрбиелеуге септігін тигізеді. Ұлттық ойындар ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтып, мәдени мұрамызды сақтау мен дамытуда маңызды рөл атқарады.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі



28 Наурыз 2026
9 Шавваль 1447

