ЖАМБЫЛ: ҚОСАҚТАСА КЕЛГЕН ҚОС МЕЙРАМ ТҰРҒЫНДАРМЕН ТОЙЛАНДЫ

ЖАМБЫЛ: ҚОСАҚТАСА КЕЛГЕН ҚОС МЕЙРАМ ТҰРҒЫНДАРМЕН ТОЙЛАНДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы, Аса ауылындағы "Домалақ ана" мешіті аумағында биыл Айт мерекесі мен Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы тұспа-тұс келіп, кең көлемде аталып өтті. Қасиетті қос мерекені бірге қарсы алған ауыл тұрғындары мен жамағат ерекше қуанышқа бөленді. Мешіт ауласында арнайы дастархан жайылып, келген қонақтарға ұлттық тағамдар ұсынылды. Соның ішінде дәстүрлі наурыз көже таратылып, көпшілікке береке мен бірліктің нышаны ретінде ұсынылды.

Мерекелік шара барысында түрлі ұлттық ойындар ұйымдастырылып, балалар мен жастар белсене қатысты. Сонымен қатар, жиналған жамағатқа рухани уағыз-насихат айтылып, бірлік пен татулықтың маңызы түсіндірілді. Ақсақалдар бата беріп, ел амандығы мен жұрт тыныштығын тіледі. Әйелдер қауымы да дастархан әзірлеуге атсалысып, мерекенің сәнін кіргізді.

Бұл игі шара ауыл тұрғындарының ауызбіршілігін арттырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге үлкен үлес қосты. Айт пен Наурыздың қатар келуі – ел үшін ерекше жақсылықтың белгісі ретінде қабылданып, жұртшылық бір-біріне ақжарма тілектерін арнады. Осындай тағылымы мол шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенім мол.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: