Адамның ілімі артқан сайын қорқуы артады

Адамның ілімі артқан сайын қорқуы артады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Адамның қадірі (абыройы) – ілімі және әдептілігімен өлшенеді. Дүние-мүлкі, мансабы немесе тегімен емес. Пайғамбарымыз "алейһиссалам": «Адамдардың ең қадірлісі – мұсылмандардың ғұламалары» деп айтқан.

         Өзін Алла та'аланың әр мезетте көріп тұрғанын білетін адам күнә жасаудан ұялады, Оның азабы мен жазасынан қатты қорқады. Істеген барлық нәрсесінен Алла та'аланың есеп алатынын білгендігінен ешбір демінің өзін босқа жібермейді. Хазреті Мәулана Жәлаладдин Румидің әйелі былай баяндайды:

Кешіре гөр Йа Раббым.

         «Бір күні хазреті Мәулана намазға тұрды. Ықыласпен мойынсұнушылық ішінде тағзыммен және құрметпен Құран кәрім оқып тұрды, бір жағынан да көздерінен жас ағып тұр еді. Үйдегілермен бірге оның бұл халіне таңырқап қарап отырдық. Намаздан кейін әдеттегідей тәсбих тартып, Алла та'алаға ұзақ отырып, жалбарына дұға етті. Оның бұл халі маған қатты әсер етті. Жылай бастадым. Содан кейін:

– Уа мырзам. Дүние мен ахыретте біз – күнәһарлардың үміті сізсіз. Көп ғибадат жасасаңыз да сонша қорқып, жылап, жалбарынасыз, ал біз мына жағдайымызбен қиямет күні не істейміз?- деп сұрадым. Сонда ол ант етіп:

– Алла та'аланың маған берген ниғметтерінің, сый сияпаттарының қасында менің ғибадаттарым, жалбарынғандарым және барлық амалым нұқсандықтан басқа ешнәрсе емес. Бүкіл осы қорқынышыммен мінажаттарыммен: “Ей Ұлы Аллаһым! Мен сияқты бір әлсіз, шарасыз құлыңның қуаты мен шамасы тек осы ғана, кешіре гөр Йа Раббым.” дегім келеді. Әйтпесе Оған лайықты ғибадатты кім жасай алады?- деді.»   

         Адам нәпісін неғұрлым төмендетсе, Аллаһ дәргейіндегі қадірі соғұрлым көтеріледі. Өзін қадірлі, құнды деп санайтын адамның Аллаһ дәргейінде қадірі болмайды. Адамның ілімі артқан сайын, Алла та'аладан қорқынышы да артады. Күнә жасауға батылы жетпейтін болады. Сондықтан Пайғамбарлар қарапайым болатын. Алла та'аладан қатты қорқатын еді. Оларда тәкаппарлық, ужб (ғибадаттарымен менмендік ету) секілді жаман мінездер болмайтын. Фатр сүресінің 27- аятында: «Алла та'аладан тек ілім иесі ғана қорқады.»делінген.

         Кез келген адамның ілімі артқан сайын, әулиелік дәрежесіне жоғарылаған сайын Алла та'аладан қорқынышы да артады. Хужурат сүресінің 13-аятында: «Алла та'аланың дәргейінде ең үстемдерің – Одан ең қатты қорқатындарың.» деп бұйырылған. Сондықтан Пайғамбарымыз "алейһиссалам" Алла та'аланың сүйіктісі, расулы және қабыл етілген құлы болса да: «Алла та'аланы ең жақсы танитын және Одан ең қатты қорқатын менмін.»деген.

         Пайғамбарымыз аспанда бұлт көрсе: «Йа Раббым! Бұл бұлтпен бізге азап жібере көрме!», жел болса: «Йа Раббым! Бізге қайырлы жел жібере гөр!» және аспан күркүресе: «Йа Раббым! Бізді ашуыңмен өлтіре көрме, азабыңмен құрта көрме және бұдан бұрын бізге амандық сыйлай гөр!» деп дұға ететін еді.

         Пайғамбарымыз намаз оқығанында, көкірегінен жылаған адамның ішін тартқаны секілді дауыс шығатын еді. Құран кәрім оқығанында да осындай жағдай болатын: «Менің көргенімді көрсеңдер, аз күліп көп жылайтын едіңдер» дейтін еді. 

Дүние – жай ғана көлеңке.

         Нәтижеде адамның ақшасы артқан сайын дұшпаны, ал ілімі артқан сайын Алла та'аладан қорқынышы артады. Бағытын мазарға, ахыретке бұрған адам қандай кәсіппен айналысса да тыныштық табады. Ал бағытын дүниеге және адамдарға бұрған адам болса, жұмыс істемесе де барлық уақытта қиыншылық көреді. Дүниенің харамдарымен мәкрухтарына берілмегендер, ахыреті үшін қамданғандар ахыреттегі өмірінде мұқтаждық көрмейді. Алла та'аланың разылығы үшін жасаған қызметтерінің ақысын, пайдасын дүниеде де, ахыретте де көреді және айналасындағылар оларды ұмытпайды.

         Мақсаты, көздегені дүние болған адамның ғибадатында да, дүниесінде де қайыр болмайды. Әрбір минуты зиянда болады. Қол жеткізгісі келген дүниесі, әр қол жеткіздім дегенінде қайтадан сағымға ұқсап алыстайды. Дүние дегеніміз жай ғана көлеңке, бұл көлеңкеге ешкім жете алмаған, жетуі де мүмкін емес. Егер дүниеден бет бұрсақ, жарыққа қарай бұрылсақ, көлеңке артымызда қалады. Біз қашқан сайын ол қуып, бірақ бізге жете алмайды. Хазреті Яхья бин Муаз Разидің айтқанындай: “Алла та'аланы қаншалықты жақсы көрсең, барлығы сені соншалықты жақсы көреді. Алла та'аладан неғұрлым қорқсаң, барлығы сенен соғұрлым қорқады. Алла та'алаға қаншалықты құлшылық жасасаң, барлығы саған соншалықты жәрдем етеді.”

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: