Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлының тапсыруымен ауданға қарасты 33 ауылдық мешітте Ораза айттың бірінші күні айт намазы жоғары деңгейде өткізілді. Айт намазынан алдын Ораза айт мерекесінің мән-маңызы түсіндіріліп, артықшылығы баяндалды.
Алла Тағала: «Мен парыз еткен оразаны пенделерiм өтеп, ақысын алуға (айт намазын өтеуге) мешiтке бет алды. Олар Мен үшiн ораза ұстады, Менiң пәрменiммен ауыз ашты, ендi қуанышқа кенелсiн...» дейді. Жаратушы Жаббар Иеміз баршамызды екі дүние қуанышы мен нығметіне бөлегей.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі



27 Наурыз 2026
8 Шавваль 1447

