Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Ақыртөбе ауылдық мешітінің имамы Батыр Қырықбайұлы айт намазынан кейін «Айтта жақсылық жасайық» атты қайырымдылық шарасын өткізді. Игі шара тұрмысы төмен, көп балалы, жалғыз басты әйелдерге және мүмкіндігі шектеулі жандардан құралған 40 отбасыны құрады.
Акция мұқтаж отбасыларға күнделікті тұтынуға қажетті азық-түліктер арқылы жүзеге асты. Сауапты іске демеуші боп ат салысқан қолы ашық, жаны жомарт жандарға Алла разы болып, ораза айттағы ізгі амалдары қабыл болсын,- деп, ауыл имамы дұға қылды.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі



27 Наурыз 2026
8 Шавваль 1447

