Мойынқұм ауданы орталық “Мойынқұм” мешітінде қасиетті Айт мерекесіне орай айт намазы оқылды. Айт намазын мешіттің бас имамы Ержан Көшкімбай жүргізді.
Намаздан кейін жиналған жамағатқа тағылымды уағыз айтылып, Айттың рухани мәні, бірлік пен бауырмалдықтың маңызы кеңінен насихатталды. Сонымен қатар, ізгі амалдар жасау, кешірімді болу, мұқтаж жандарға көмектесу секілді құндылықтар жөнінде әсерлі ойлар ортаға салынды.
Жамағат бір-бірімен құшақтасып, мерекемен құттықтасып, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.
Мойынқұм аудандық “Мойынқұм” мешітінің баспасөз қызметі.



27 Наурыз 2026
8 Шавваль 1447

