ШУ: Наурыз мерекесі ерекше сән-салтанатпен аталып өтті

ШУ: Наурыз мерекесі ерекше сән-салтанатпен аталып өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданындағы «Кәрібай молда» мешітінде ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі ерекше сән-салтанатпен аталып өтіп, кең дастархан жайылды. Бұл игі шараны мешіттің әйел-қыздар секторының ұстазы Ғалия Байториева ұйымдастырды.

Мерекелік басқосуда жамағат шаттыққа бөленіп, бір-біріне ақжарма тілектерін арнады. Дастархан басында ұлттық тағамдар ұсынылып, Наурыздың терең мәні мен берекесі жайлы тағылымды әңгімелер айтылды.

Әйел-қыздар қауымы қазақы салт-дәстүрлерді дәріптеп, ұлттық құндылықтарды насихаттай отырып, мерекенің рухани мазмұнын айшықтай түсті. Ізгілік пен бірлікке үндеген бұл кеш жиналғандарға ерекше әсер сыйлап, көтеріңкі көңіл-күймен аяқталды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: