#Шу: “Жәми” мешітінде "Айттау дәстүрі" дәріптелді

#Шу: “Жәми” мешітінде "Айттау дәстүрі" дәріптелді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданы “Жәми” мешітінде қасиетті Ораза айт мерекесіне орай «Ораза айт – ұлық мереке» атты тағылымды уағыз ұйымдастырылды. Уағызды мешіттің бас имамы Алмас Кенжемолдаев жүргізіп, жамағатқа Айт мейрамының рухани мәні, оның мұсылман қауымы үшін маңыздылығы жайында кеңінен насихат айтты.

Уағыздан кейін мешіттің қатымханасында арнайы дастархан жайылып, жамағатқа ауызбіршілік дастарханы ұсынылды. Жиналған көпшілік бір-бірін Айт мерекесімен құттықтап, ақжарма тілектерін білдірді.

Сонымен қатар, ұлттық дәстүріміз – айттау салты дәріптеліп, оның мәні мен тәрбиелік маңызы түсіндірілді. Үлкенді құрметтеу, кішіге ізет көрсету, туыстық байланысты нығайту секілді игі құндылықтар кеңінен насихатталды. Кеш соңында жамағат көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Шу аудандық “Жәми” мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: