#Шу: 40 жылдам қызмет атқарған ақсақалдарға құрмет көрсетілді

#Шу: 40 жылдам қызмет атқарған ақсақалдарға құрмет көрсетілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданында 40 жылға жуық имамдық қызмет атқарып, елдің рухани дамуына өлшеусіз үлес қосқан Әдірасылхан және Абай Рахымбаев ақсақалдарға ерекше құрмет көрсетілді.

Іс-шара барысында бас имам Алмас Кенжемолдаев ақсақалдардың иығына шапан жауып, арнайы алғыс хат табыстады. Бұл – олардың ұзақ жылғы еңбегі мен дін жолындағы адал қызметіне көрсетілген зор ризашылықтың белгісі болды.

Жиналған жамағат алдында ақсақалдардың өнегелі өмір жолы мен елге сіңірген еңбектері ерекше аталып өтіп, көпшілік ақжарма тілектерін білдірді. Көпшілік алдында көрсетілген бұл құрмет – кейінгі буынға үлгі боларлық тағылымды сәтке айналды.

Шу аудандық “Жәми” мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: