“Әл-Карим” мешітінің имамы Алпысбаев Есбол мен ауыл тұрғындары ауылдағы кейуаналарды арнайы зиярат етіп, оларға құрмет көрсетті.
Ізгі шара барысында жасы үлкен аналарға сый-сияпат табысталып, жылы лебіздер айтылды.
Зиярат барысында үлкендердің хал-жағдайы сұралып, ақ жаулықты аналардың ақ батасы алынды. Ауыл тұрғындары бұл игі бастама арқылы үлкенге құрмет көрсету, олардың өнегелі өмір жолын кейінгі ұрпаққа үлгі ету маңызды екенін атап өтті.
Мұндай игі шаралар қоғамда үлкендерді құрметтеу дәстүрін нығайтып, бірлік пен сыйластықты арттыра түседі.
Меркі аудандық “Меркі ата” мешітінің баспасөз қызметі



19 Наурыз 2026
30 Рамадан 1447

