Меркі: Ауыл имамы алғыс хатпен марапатталды

Меркі: Ауыл имамы алғыс хатпен марапатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы, Қызылқыстақ ауылы “Әл-Карим” мешітінің асханасында «Ислам және адал қоғам» жылы аясында мешіт жанашыры Сұлтан ағамыз ауыл тұрғындарына ауызашар дастарханын жайды.

Игі шара барысында ауылға, мешітке аянбай қызмет етіп жүрген мешіт имамы Алпысбаев Есболға ауыл әкімінің алғыс хаты табысталды. Ауыл тұрғындары осындай игі шараға себепкер болған мешіт жанашыры Сұлтан ағамызға алғыстарын білдірді.

Алғыс айтуға қатысты Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде: «Адамдарға алғыс айта алмаған адам, Аллаға шүкір ете алмайды» (Тирмизи, Әбу Дәуіт), «Адамдарға алғыс (шүкір) айтпағанның, Аллаға алғысы (шүкірі) жоқ» деген.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: