Тараз шаһарының мешіттерінде Рамазан айының құрметіне оқылатын тарауық намазы өз мәресіне жетіп, құран хатым дұғасы жасалды. Қала тұрғындары сағына күткен ораза айының соңғы күндерін басынан өткізіп жатыр.
Алланың сөзін жаттаған жас қариларға мешіт имамдары жамағат атынан ризашылық білдіріп, алғыс хатпен марапаттады.
Сондай-ақ көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген қариларымызға қазақы дәстүрге сай шапан жабылып, ақсақалдың ақ батасы берілді.
Тараз қалалық орталық Әулие ата мешітінің баспасөз қызметі.



19 Наурыз 2026
30 Рамадан 1447

