Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылдық «Толымбайтегі Зиябек» орталық мешітінде жиналған көпшілік жамағатқа бас имам Есет Тұрдыбайұлы «Қадір түні» аясында рухани мазмұны терең насихат айтты. Уағыз барысында мұсылманның бұл түндегі амалдары, шынайы ықылас пен дұғаның маңызы турасында кеңінен түсіндірді.
Сонымен қатар, жамағатқа еркін құлшылық жасауға арнайы уақыт қарастырылып, тасбих, таһажүд намаздарының орындалу тәртібі жан-жақты баяндалды. Бұл – әрбір мұсылманға өз жүрегімен оңаша қалып, Жаратқанға жақындауға берілген ерекше мүмкіндік болды. Берекелі түнде жамағат елдің амандығы, жұрттың тыныштығы, бірлігі мен берекесі үшін дұға жасап, Алладан кешірім тіледі.
Жкалы ацдандық мешітінің баспасөз қызметі


19 Наурыз 2026
30 Рамадан 1447

