ТАРАЗ: САЛАУАТТЫҢ СЫРЫН СЕЗГЕН

ТАРАЗ: САЛАУАТТЫҢ СЫРЫН СЕЗГЕН

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы, Тараз қаласы “Әл Фирдаус” мешітінің “Әйел-қыздар” секторының ұстазы Нұржамал Оңғарқызының жетекшілігімен Сауат ашу курсында екі ауысыммен оқып жатқан  шәкірттер арасында Адамзаттың ардақтысы Пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айту іс-шарасы Бақара сүресін оқумен басталды.

Жас ерекшеліктеріне қарамастан Қасиетті Рамазан айының сауабына үміттерін жалғаған,  Алла елшісіне деген сүйспеншілік сезімдерін Салауатпен байлаған қатысушылар Рамазан айының үшінші жұмасы, 6 наурыз күнін Адамзаттың ардақтысы Пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтуға арнап, бір күнде салауат санын алды 10000-ға, соңы 1000-ға  жеткізді. Көш алды шыққан шәкірттер өздерінің белсенділіктерін танытып, үлгі бола білді.

Барлық қатысушыларға салауаттан сарқыт деп, ынталандыру сыйлықтары берілді. Іс-шара соңы  Сауат ашу курсы шәкірттерінің  сезімді оятатын әуезді үндерімен қосылып айтқан Салауаттары жүректегі имани гүлдің бүршік атуына және жүректердің бір-біріне деген сүйіспеншілік, махаббат сезімін оятумен аяқталды.

Ғалымбек Төлегенұлы

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: