Тараз қаласының мешіттерінде қадір түнін де мешітке келуші жамағатқа сәресі берілді. Қала мешіттері ауыз бекітуге шамамен 4000 адамды қамтыған болатын. Көпшілік ауыз бекітіп, таң намазын жамағатпен оқып қадір түнін осылайша өткізді.
Қасиетті Рамазан айы амал мен сауаптың есебі еселеп артатын берекетті ай. Соның ішінде, пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтып кеткендей, сәресі берекетінің де орны ерекше.
Тараз қалалық орталық Әулие ата мешітінің баспасөз қызметі



18 Наурыз 2026
29 Рамадан 1447

