БАЙЗАҚ: ҚАДІР ТҮНІНДЕ ДӘСТҮРГЕ САЙ ИНТЕЛЕКТУАЛДЫҚ САЙЫС ӨТТІ

БАЙЗАҚ: ҚАДІР ТҮНІНДЕ ДӘСТҮРГЕ САЙ ИНТЕЛЕКТУАЛДЫҚ САЙЫС ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінде «Ислам және адал қоғам» жылы аясында жастар «JAMAGAT QUIZ» атты ерекше форматтағы интеллектуалдық сайыста бақ сынасты.

Қадір түніне орай ұйымдастырылған жарысқа қатысушыларға Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы сәттілік тіледі.

Алты кезеңнен тұратын білім бәйгесіне бес топ қатысты. Төрт адамнан құралған әр құрамаға берілген уақыт пен сұрақтар деңгейі бірдей. Тек кезекті кезеңдерге өткен сайын тапсырма күрделене түсті. Айталық, сайыста діңгегі дінге байланған тарихи, логикалық, сондай-ақ, медиа бағыттағы сұрақтар да болды. Осы секілді қиын да қызықты кезеңдерден сүрінбей өткен құрамалар жүлделі сыйлықтармен марапатталды.

Сайыста жүлде алған топтар тізімі төмендегідей:

І орын – «Фирдаус» тобы (16 000 ₸);

ІІ орын – «Раян» тобы (12 000 ₸);

ІІІ орын – «Жәннәт» тобы (10 000 ₸)

Қалған екі топқа ыңталандыру мақсатында 4 000 теңгеден берілді.

«Құрылымы мен өту барысы ерекше болған бұл жарыс жамағат арасындағы білім деңгейін айқын көрсетті. Көп мешітте көрініс таппайтын мұндай интеллектуалдық дода жастарымыздың дінмен етене танысып, ой ұшқырлығы мен білім көкжиегін кеңейтуге септігін тигізетіні сөзсіз.

Заманауи құралдарды пайдаланып, ерекше форматта өрбіген жарыс жоғары деңгейде өтті. Сайысты ұйымдастырушы мешітіміздің дін және отбасы бөліміне жауапты маман Бақытбек Бауыржанұлына зор алғысымды білдіремін», – деді», - Байзақ ауданының бас Қанат Әділханұлы.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: