Байзақ: ҚАДІР ТҮНІ ЖАСТАР БАТА БЕРУДЕН САЙЫСҚА ТҮСТІ

Байзақ: ҚАДІР ТҮНІ ЖАСТАР БАТА БЕРУДЕН САЙЫСҚА ТҮСТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Ислам және адал қоғам» жылы аясында қасиетті қадір түнінінде Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің ұжымы мешітке келуші жастар арасында бата беру сайысын ұйымдастырды. Сайысқа аудан жастары қатысты.

Сайыс алдында аудан бас имамы Қанат Әділханұлы қатысушыларға сәттілік тілеп, жастарымызға: «Қазақта ескірмеген салттың бірі - бата беру. Бабаларымыз ұрпағын бала кезінен үлкеннің алдын кесіп өтпеуге, тек ақ батасын алуға тәрбиелеген. Өйткені, батаның адам өміріне әсері зор. Сөз қасиеті мен қадірін жете түсінген қазақ — бата беруге, бата алуға аса мән берген.

Сондықтан аталмыш сайыстың мақсаты жастарды аталы сөзден ғибрат алуға, қазақ елін, оның салт-дәстүрін, тілін, және ділін құрметтеуге тәрбиелеу», - деп, «Бата беру мен бата алудың» артықшылықтары тақырыбында насихат айтты.

Сайысқа қатысушы жастарға мешіт ұжымы тарапынан сый-сыяпат көрсетіліп, қасиетті түннің қадірі арта түсті.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: