Қадір түніне арналған рухани шара аясында демеуші азаматтардың ұйытқы болуымен жамағатқа ауызашар беру мақсатында кең дастархан жайылып, хатымхана іші арнайы безендірілді. Қонақтар мен жамағатқа жайлы жағдай жасау үшін мол дастархан әзірленіп, мешіт ішіндегі дайындық жұмыстары пысықталды.
Сонымен қатар мешіт аумағында тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жарық және дыбыс жүйелері толық тексеріліп, келушілерге қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінді. Қасиетті түнді жоғары деңгейде өткізу үшін барлық қажетті жұмыстар ұйымдастырылды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



18 Наурыз 2026
29 Рамадан 1447

