Шу ауданы Көкқайнар ауылдық мәдениет үйінде «Дін мен ұлттық болмыс» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараны «Көкқайнар» мешітінің имамы Темірлан Оразбаев жүргізді.
Кездесу барысында дін мен ұлттық дәстүрдің өзара сабақтастығы, қоғамдағы рухани тәрбие мәселелері кеңінен сөз болды. Сонымен қатар отбасы құндылықтарының маңызы, ата-ана мен бала арасындағы сыйластық, ұлттық салт-дәстүрді сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізу жайында тағылымды ойлар айтылды.
Жиын барысында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, қазіргі қоғамдағы отбасы институтын нығайту, жастардың тәрбиесіне көңіл бөлу мәселелері төңірегінде еркін пікір алмасты.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.


18 Наурыз 2026
29 Рамадан 1447

