Қордай: Ұл балалар арасында аудандық «Құран жарысы» өтті

Қордай: Ұл балалар арасында аудандық «Құран жарысы» өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла елшісі Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйренген және басқаларға үйреткендерің».

Тағы бір хадисінде: «Адамдар Алланың үйлерінің біріне жиналып, Алланың кітабын оқыса және бәрі бірге үйренсе, оларға жүректеріне тыныштық түседі, оларды мейірім қаптап, жан-жағынан періштелер қоршап алады және Алла Тағала оларды періштелердің ішінде еске алады». Осы хадистерге амал етіп, Қордай ауданы бойынша ұл балалар арасында аудандық мешіттердің қатысуымен «Құран жарысы» өткізілді. Іс-шара ақсақалдардың батасы мен аудан бас имамының сөзімен басталды. Жарыс 1 пара және 0.5 пара бойынша өтті, жалпы 23 бала қатысқан.

1 пара бойынша жеңімпаздар:

1-орын – Тоқтар Имағали

2-орын – Сейтмұхаммед Хамза

3-орын – Берік Ескендір

0.5 пара бойынша жеңімпаздар:

1-орын – Наурызбай Төрехан

2-орын – Сұлтанқұл Әлижан

3-орын – Бейсенбай Абдурахман

4-орын – Сайлаубай Мұхаммад

Қатысушыларға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: