#Шу: «Ислам және адал қоғам» аясында имамдар жиналысы өтті

#Шу: «Ислам және адал қоғам» аясында имамдар жиналысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданыңда «Ислам және адал қоғам» бағыты аясында аудан имам-молдалардың кезекті жиналысы өтті. Басқосуды ауданның бас имамы Алмас Кенжемолдаев және «Төле би» мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлы жүргізді.

«Төле би» мешітінде өткен жиналыс барысында қасиетті Рамазан айындағы атқарылатын жұмыстар кеңінен талқыланып, бірқатар маңызды мәселелер пысықталды. Атап айтқанда, Рамазан айындағы іс-шараларды жүйелі ұйымдастыру, имамдардың киім үлгісіне мән беру, қайырымдылық науқандарын күшейту, Қадір түні мен айт күндеріне арналған ауызашар дастархандарын ұйымдастыру, сондай-ақ мешіттердің тазалығы мен тәртібін сақтау, ақпараттық баннерлерді ілу мәселелері қарастырылды.

Кездесу барысында имамдар өз ойларын ортаға салып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар жөнінде ұсыныстарын білдіріп, сұрақтарын қойды. Осылайша аудан көлемінде жүзеге асатын діни-ағартушылық шаралар нақтыланды.

Жиын соңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Бас мүфтиі Наурызбай Тағанұлының атынан дін саласында ұзақ жылдар бойы қызмет атқарған бірқатар имамдарға алғыс хаттар табысталды.

Кеш соңында ақсақал имам ақ батасын беріп, барша дін қызметкерлеріне ел игілігі жолындағы еңбектеріне береке, қызметтеріне табыс тіледі.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: