Шу қаласындағы «Кәрібай молда» мешітінің әйел-қыздар жамағатының ұйымдастыруымен қасиетті Қадір түні қарсаңында рухани мәні зор ауызашар дастарханы жайылды.
Берекелі кешке мешіттің әйел-қыздар қауымы жиналып, қасиетті Рамазан айының қадір-қасиеті мен сауапқа толы күндерінің маңызы туралы тағылымды әңгімелер айтылды. Жамағат бір дастархан басында бас қосып, ауызашар жасап, өзара жылы тілектерін білдірді.
Кеш барысында имандылық, сабыр, ізгілік пен бірлік тақырыптары қозғалып, жиналған қауымға рухани насихаттар айтылды. Осындай игі шаралар жамағат арасындағы ауызбіршілікті арттырып, қайырымдылық пен мейірімділік құндылықтарын дәріптеуге үлкен үлес қосатыны атап өтілді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.


18 Наурыз 2026
29 Рамадан 1447

