ҚАДІР ТҮНІНДЕ 895-ПӘТЕРДІҢ КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

ҚАДІР ТҮНІНДЕ 895-ПӘТЕРДІҢ КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Қадір түнінде қайырымдылық пен сауапты істің жарқын үлгісі ретінде «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында 895-ші баспананың кілті иесіне табысталды.

Игі бастама Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйытқы болуымен және жомарт жандардың қолдауымен жүзеге асты. Бұл – мұқтаж жандарға үміт сыйлап, қоғамдағы жанашырлық пен бауырмалдықты арттыруға бағытталған маңызды жоба.

Жаңа баспананың кілтін аталған қордың Жамбыл облысы бойынша өкілі Ержан Маханұлы табыстап, отбасыға ақжарма тілегін білдірді. Ол өз сөзінде мұндай игі істердің сауапты түнде жасалуының маңызына тоқталып, ел ішінде қайырымдылықтың арта беруіне тілектестігін жеткізді.

Өз кезегінде баспаналы болған отбасы қуаныштарын жасыра алмай, осы іске себепкер болған барша азаматтарға шынайы алғыстарын білдірді.

Қадір түнінде жасалған бұл сауапты іс – қоғамдағы мейірім мен жанашырлықтың айқын көрінісі болды.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: