ҚАДІР КЕШІНДЕ ХАТЫМ ДҰҒАСЫ ЖАСАЛДЫ

ҚАДІР КЕШІНДЕ ХАТЫМ ДҰҒАСЫ ЖАСАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде өткен қасиетті Қадір кешінде Рамазан айы бойы тарауық намазында оқылған қасиетті Құранның хатым дұғасы жасалды.

Берекелі кеште жиналған жамағат алақан жайып, шынайы ықыласпен дұға жасап, Жаратқаннан кешірім мен мейірім тіледі. Қасиетті сәтте ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы арнайы бата жасап, көпшілікке ізгі тілегін жеткізді.

Сондай-ақ, облыстық мешітте Рамазан айы бойы тарауық намазын жүргізіп, Құран хатым еткен қарилар – Бірлік Амангелді мен Абуали Қалпашовқа құрмет көрсетілді. Жамағат олардың еңбегіне ризашылық білдіріп, алғыстарын жаудырды.

Рухани кеш жиналған көпшілікке ерекше әсер сыйлап, жүректерге иман нұрын ұялатты.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: