Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Адамдардың жақсысы – адамдарға көбірек пайда тигізгендері», – деп айтқан. Осы хадиске сай қасиетті Рамазан айында Қордай ауданында қайырымдылық шаралары жалғасуда.
Ауданға қарасты Партизан мөлтек ауданындағы «Рахман» мешітінің имамы Нұрмұхамед Кеулимжаев мұқтаж жандарға көмек көрсетіп, 6 отбасыға азық-түлік үлестірді. Игі шараның мақсаты – Рамазан айында мұқтаж жандарға қолдау білдіріп, қоғамда мейірімділік пен жанашырлықты арттыру. Алла Тағала баршамыздың берген садақаларымызды қабыл етіп, сауаптан жазсын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



29 Апрель 2026
12 Зуль-каада 1447

