Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім Рамазан айында ораза ұстаған кісіге ауызашар берсе, ораза ұстаушының сауабы кемімей, оған да сондай сауап жазылады», – деген.
Осыған орай, Қордай ауданы, Қаракемер ауылындағы «Қаракемер 2» мешітінде кезекті ауызашар дастарханы ұйымдастырылды. Игі шара барысында жамағат бір дастархан басында бас қосып, ауыз ашып, Рамазан айының берекесі мен сауабы жайында насихат айтылды.
Ауызашарды мешіт имамы Махамбет Қабылбекұлы Махатов ұйымдастырып, жамағатқа ізгі тілектерін жеткізді. Алла Тағала баршамыздың жасаған игі амалдарымызды қабыл етіп, Рамазан айының берекесін нәсіп етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі


11 Наурыз 2026
22 Рамадан 1447

