Қасиетті Құран Кәрімде: «Ер немесе әйел болсын, кімде-кім иман келтірген күйде ізгі амал жасаса, Біз оған міндетті түрде жақсы өмір сыйлаймыз әрі оларға дүниеде істеген игі істерінен де жақсырақ сыйлық береміз», – деп, ізгі амал жасаған пенделерге дүниеде де, ақыретте де мол сауап пен жақсылық бар екендігі баяндалған.
Осыған орай, қасиетті Рамазан айында Қордай ауданы, Сарыбұлақ ауылы «Сахаба» мешіті имамы Серік Рахимбаевтың ұйымдастыруымен, мұқтаж жандарға көмек көрсетілді. Игі шара барысында 12 отбасыға жалпы сомасы 240 000 теңге көлемінде қайырымдылық көмек берілді. Мұндай игі бастамалар Рамазан айының рухани мәнін арттырып, қоғамда мейірім мен жанашырлықты нығайта түседі.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



13 Наурыз 2026
24 Рамадан 1447

