Қордай: Ауызашар берудің сауабы

Қордай: Ауызашар берудің сауабы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) бірде Сағд ибн Муаздың (оған Алла разы болсын) үйіне ауызашарға барған кезде дастархан басында: «Дастархандарыңнан ораза ұстағандар дәм татсын. Астарыңды ізгі жандар жесін, періштелер сендерге дұға етсін», – деп дұға жасағаны риуаят етіледі.

Осы хадиске сүйене отырып, Қордай ауданы, Сортөбе ауылына қарасты «Хамид бин Бадый» мешітінде ауызашар берудің сауабы мен Рамазан айындағы сауапты амалдардың маңызы туралы насихат айтылды. Кездесу барысында жамағатқа оразаның қадір-қасиеті түсіндіріліп, қойылған сұрақтарға жауап берілді. Шара соңында жамағатқа Рамазан айының берекесі мен сауапты істерін көбейту жайында ақыл-кеңестер айтылды.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: