Қасиетті Рамазан айында қайырымдылық шаралары жалғасуда. Осы орайда «Дінмұхамед Қонаев» мешітінде мұқтаж жандарға зекет үлестіріліп, 15 отбасыға көмек көрсетілді.
Қайырымдылық аясында бір қой әр отбасыға үйлестіріп, қосымша азық-түлік табысталды. Аталған игі іске жалпы 1 миллион теңге көлемінде қаражат жұмсалды.
Бұл қайырымдылық шарасы мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетіп, Рамазан айындағы сауапты амалдардың бірі ретінде жүзеге асты. Жамағат елдің амандығы мен берекесі үшін дұға жасады.
Шу аудандық “Жәми” мешітінің баспасөз қызметі.



11 Наурыз 2026
22 Рамадан 1447

