«Мойынқұм» мешітінде аудан имамдарына арналған жиын өтіп, С санаты бойынша бірқатар имамдар Хазірет мүфтидің Алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар имамдарға арнайы сертификаттар табысталды.
Іс-шара барысында Мойынқұм ауданының бас имамы Ержан Көшкімбай имамдарға марапаттарды табыстап, олардың діни қызметтегі еңбектеріне алғыс білдірді. Бұл марапаттар – имамдардың қоғамдағы рухани қызметін бағалау мен ынталандырудың көрінісі.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.


11 Наурыз 2026
22 Рамадан 1447

