Шу ауданы “Жәми” мешітінің ұстазы Ерғазы Ақпанов Көктөбе ауылының «Рақыш ата» мешітінде жамағатқа арналған пәтуа сағатын өткізді.
Кездесу барысында «Жастар және Рамазан» тақырыбы кеңінен қарастырылып, қасиетті айдың тәрбиелік маңызы, жастардың имандылығы мен көркем мінезі жайында пайдалы насихат айтылды.
Жиын соңында қатысушыларға Рамазан айының сыйлығы ретінде тәспі таратылып, жамағатқа рухани әсерлі кеш болды.
Шу аудандық “Жәми” мешітінің баспасөз қызметі.



11 Наурыз 2026
22 Рамадан 1447

