Шу ауданының орталығында орналасқан «Төле би» мешітінде имам Талғат Кәрібайұлының ұйымдастыруымен Құран хатым бағышталды.
Игі шара барысында мешітке жиналған жамағат қасиетті Құран аяттарын тыңдап, дұға жасап, дүниеден өткен ата-бабаларының рухына бағыштады. Сондай-ақ жамағат өткендерді еске алып, олардың артында қалған өнегелі жолы мен жақсы істерін тілге тиек етті.
Бұл рухани жиын жамағаттың бірлігін арттырып, сауапты істердің көбейуіне себеп болды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



11 Наурыз 2026
22 Рамадан 1447

