Қордай: Адал ас туралы насихат айтылды

Қордай: Адал ас туралы насихат айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Уа, Алланың елшісі, Алла менің дұғамды қабыл етуі үшін қандай амал жасайын?» – деп сұрағанда, Алла елшісі: «Ішер асыңды таза әрі халал ет, сонда Алла дұғаңды қабыл етеді», – деп жауап берген.

Сондай-ақ Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім бір түйір харам ас жесе, оның қырық күн намазы қабыл болмайды», – деп ескерткен. Осыған орай, Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінің ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен әжелер алқасының мүшелеріне «Адал ас» тақырыбында насихат айтылды.

Кездесу барысында Рамазан айында құлшылықтарға ерекше мән беру, сондай-ақ адал асқа көңіл бөліп, ішіп-жеудің де шариғат талаптарына сай болуына назар аудару керектігі түсіндірілді. Шара соңында жиналған жамағатқа ізгі тілектер айтылып, баршамыздың дұғамыз қабыл, амалымыз кемшіліксіз болсын деген тілек білдірілді.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: