Қордай: Отбасы құндылығы жайлы насихат айтылды

Қордай: Отбасы құндылығы жайлы насихат айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Құран Кәрімде: «Олар сендер үшін киім (іспетті), сендер де олар үшін дәл сондай киім (секілдісіңдер)», – деп баяндалған. Бұл аятта Алла Тағала ерлі-зайыптыларды киімге теңеуі тегін емес.

Себебі киім адамды ыстық пен суықтан қорғайды, денесіндегі кемшілігін жабады әрі көрік береді. Сол сияқты ерлі-зайыптылар да бір-біріне қамқор болып, жақсылығын арттырып, кемшілігін жасырып, біріне-бірі тірек әрі көрік бола білуі тиіс. Осы орайда Қордай ауданының бас имамы Азамат Берікұлы аудан әжелер алқасының мүшелерімен кездесу өткізіп, отбасы құндылығы жайында әңгіме өрбітті.

Кездесу барысында жастарға отбасының маңызын түсіндіру, ұлттық тәрбие мен имандылық құндылықтарды кеңінен насихаттау, жас буынға дұрыс бағыт-бағдар беру қажеттігі айтылды. Жиын соңында барша мұсылман қауымына отбасының берекесін арттырып, Алла разы болатын ізгі амалдар жасауды нәсіп етуін тілеп, дұға жасалды.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: