Жуалы ауданы, Нұрлыкент ауылдық мешітінде қасиетті Рамазан айының тарауық намазы алдында «30 күнге 30 уағыз» жобасы бойынша насихат айтылды.
Мешіт молдасы Қанатбай Режепбайұлы жамағатқа- Адам баласының тіршілігіндегі кез келген іс-әрекеті ниетке байланысты. Халқымыз: «Ниеті түзудің – ісі түзу», – деп бекер айтпаған. Үлкен іс тындыру үшін ең алдымен үлкен жүрек, таза ой керек. Құмға сіңген судың ізі қалмайтыны секілді, ықылассыз жасалған құлшылық та адамның руханиятына өз ізін қалдыра алмайды - деп айтып өтті.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.



10 Наурыз 2026
21 Рамадан 1447

