Шу ауданы «Жәми» мешітінде әйел-қыздар жамағатына арналған кезекті семинар өтті.
«Алланы тану – өзіңді тану» тақырыбындағы рухани кездесуде адам болмысының терең мәні қозғалды. Семинар барысында ақыл, нәпсі және сана ұғымдары кеңінен түсіндіріліп, олардың рухани кемелдену жолындағы маңызы талқыланды.
Қатысушылар еркін форматта пікір алмасып, көкейдегі сұрақтарына жауап алды. Іс-шараның басты мақсаты – әйел-қыздардың діни сауатын арттырып қана қоймай, өзін-өзі тануға, ішкі жан дүниесін дамытуға бағыт беру.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



10 Наурыз 2026
21 Рамадан 1447

