#Шу: «Жиенбет Жексенбай» мешітініңде «Рамазан – жақсылық айы» пәтуа сағаты өтті

#Шу: «Жиенбет Жексенбай» мешітініңде «Рамазан – жақсылық айы» пәтуа сағаты өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Жиенбет Жексенбай» мешітінің имамы Шүкірәлі Бердібеков қасиетті Рамазан айында жоғары сынып оқушыларының өтінішімен «Рамазан – жақсылық айы» тақырыбында семинар-ашық кездесу өткізді. Сонымен қатар, жастарға арналған пәтуа сағатын жүргізді.

Кездесу барысында оразаның мәні тек діни парыз ретінде ғана емес, рухани тәрбие мен өзін-өзі шыңдаудың мектебі екені кеңінен түсіндірілді. Жастардың білімге деген ынта-жігері мен жауапкершілігі олардың шынайы құндылықтарға бет бұрғанының көрінісі екені атап өтілді.

Семинарда қоғамдағы өзекті мәселелер – нашақорлық пен цифрлық тәуелділік тақырыптары қозғалып, олардың жас ұрпаққа тигізер зияны жан-жақты талқыланды. Еркін форматта өткен кездесуде оқушылар ашық пікір алмасып, көкейдегі сұрақтарына жауап алды.

Іс-шараның басты мақсаты – жастардың ел болашағы екенін сезіндіру. Кездесу соңында имам өскелең ұрпақты отаншылдыққа, ізгілік пен жауапкершілікке шақырып, діни-ағартушылық басылымдарды сыйға тартты.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: