Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы Бурыл ауылы «Шолпан Дәуіт» мешітінің жамағатына пәтуа сағатын өткізді.
Тағылымды кездесуде жамағат тарапынан қойылған діни сұрақтарға шариғат шеңберінде нақты жауаптар берілді. Әсіресе, құлшылық амалдары, оразаға қатысты үкімдер, күнделікті өмірдегі діни мәселелер кеңінен түсіндірілді.
Пәтуа сағаты барысында жамағаттың діни сауаттылығын арттыру, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау және дұрыс діни бағытты ұстанудың маңыздылығы айтылды.



10 Наурыз 2026
21 Рамадан 1447

