БАЙЗАҚ: АУЫЛДА БАС ИМАМ САҒАТЫ ӨТТІ

БАЙЗАҚ: АУЫЛДА БАС ИМАМ САҒАТЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бурыл ауылы "Шолпан Дәуіт" мешітінде аудан бас имамы Қанат Әділханұлы бас имам сағатын өткізіп «Рамазан – рухани кемелдену айы» тақырыбында насихат айтты.

Қанат Әділханұлы насихатында: «Рамазан – адам баласының рухани кемелденуіне бастайтын қасиетті ай. Бұл айда нәпсіні тыйып, сабыр мен шүкірді арттыру арқылы жүрек тазарып, иман нығаяды. Ораза тек аш қалу емес, ол — ойды, тілді және мінезді тәрбиелеу мектебі. Қасиетті Құран түскен бұл айда жасалған әрбір игі амалдың сауабы еселеніп, пенде өзін-өзі танып, Жаратушыға жақындай түседі. Рамазан адамды мейірімге, кешірімге және рухани биік дәрежеге жетелейтін ерекше мүмкіндік.» - деді.

Шара соңында бас имам Рамазан айына қатысты жамағаттың қойған сұрағына жауап берді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: