Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы Байзақ ауылы «Тілеш қажы» мешітінің асханасында ауызашарға жиналған жамағат пен жастарға арнап қасиетті «Рамазан айының маңыздылығы» және «Ихсан» ілімі – кемелділікке жетелейді» тақырыптарында насихат айтты.
Бас имам насихатында: «Біздің де біліп-білмей жасаған, жүрегімізді, ақыл-ой, сезімдерімізді кірлеткен күнәларымыз бар. Бұл күнәлардан бізді тазартатын Рамазан айының берекесі мен бір ай бойы толассыз жауатын рақым «жаңбыры» болмақ», - деді.



10 Наурыз 2026
21 Рамадан 1447

