Меркі: Рамазан құрметіне мешіттер безендірілді

Меркі: Рамазан құрметіне мешіттер безендірілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Рамазан айының келуіне орай Меркі аудандық және ауылдық мешіттер ерекше безендіріліп, рухани айдың шырайын арттыра түсті. Мешіттердің ішкі және сыртқы ауласына Рамазан айын насихаттайтын көрнекі жазулар, ай мен жұлдыз бейнелері, жарық шамдар мен әсем баннерлер ілінді.

Бұл игі бастама жамағаттың Рамазанға деген құрметін көрсетіп қана қоймай, ауыл тұрғындарының көңіліне қуаныш сыйлады. Әсіресе кешкі тарауих намазына жиналған жамағат безендірілген мешіт көркін тамашалап, рухани әсер алды.

Мешітті безендіруге атсалысқан азаматтар мен ерікті жастарға алғыс білдіріліп, бұл игі іс сауаптан жазылатыны айтылды.

Алла Тағала қасиетті айда жасаған барша игі амалдарымызды қабыл етіп, елімізге тыныштық пен береке нәсіп етсін!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: