ҚМДБ бекіткен Рамазан жоспарына сай Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы Байзақ ауылы «Тілеш қажы» мешітінде Бас имам сағатын өткізді.
Бас имам Қанат Әділханұлы «Рамазан – қасиетті ай» тақырыбында насихат айтып, адамдарды бұл ай сабыр мен шүкіршілікке, кешірім мен мейірімге үндейтіні ерекше атап өтілді. Сондай-ақ «Намаз – діннің тірегі» екендігі насихатталып, намаздың адам өміріндегі тәрбиелік және рухани маңызы жан-жақты баяндалды.
«Бас имам» сағаты Рамазан айының рухани маңызын арттыру, жамағаттың діни сауатын көтеру және ұлттық-рухани құндылықтарды насихаттау мақсатында өтті. Қанат имам жамағатты қасиетті айды барынша құлшылықпен, ізгі амалдармен өткізуге шақырды.



10 Наурыз 2026
21 Рамадан 1447

