Қасиетті Рамазан айынында Ойтал ауылдық округінің 1988 жылы туған азаматтары игі бастама көтеріп, ауыл тұрғындарына, мешіт жамағатына арнап ауызашар дастарханын жайды.
Ауызашар барысында қасиетті Құран аяттары оқылып, ел тыныштығы мен жұрт амандығы үшін дұға жасалды. Дастархан басында имандылық, сабыр, шүкіршілік және Рамазан айының қадір-қасиеті жайлы насихат айтылып, жиналған көпшілік рухани әсер алды.
Шараны ұйымдастырған азаматтар бұл сауапты амалды дүниеден өткен марқұм құрбы-құрдас достарының рухына бағыштады. Алла Тағала берілген садақаларын қабыл етіп, ниеттерін еселей берсін!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



11 Наурыз 2026
22 Рамадан 1447

