Тараз: "Әл - Фирдаус" мешіті - «Қамқор - Шарапат» жобасы аясында кебіндеу семинары өтті

Тараз: "Әл - Фирдаус" мешіті - «Қамқор - Шарапат» жобасы аясында кебіндеу семинары өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

   Әл - Фирдаус мешіті жанында ұстаз Жапекова Нұржамалдың ұйымдастыруымен « Қамқор – Шарапат » жобасы аясында кебіндеу (мәйітті шариғат талаптарына сай дайындау) бойынша арнайы семинар өтті.

   Семинардың мақсаты - жамағатқа жаназа рәсімдерінің дұрыс орындалу тәртібін үйрету, шариғи талаптарды түсіндіру және бұл мәселеде сауаттылықты арттыру. Іс - шара барысында кебіндеудің кезеңдері, қажетті жабдықтар мен ниет, дұға мәселелері кеңінен түсіндірілді. Қатысушылар тәжірибелік түрде көрсетілімге куә болып, өз сұрақтарына жауап алды.

   Ұстаз өз сөзінде өмірдің өткіншілігін еске салып , әрбір мұсылман жаназа үкімдерін білуі маңызды екенін атап өтті.

   «Әрбір жан өлімнің дәмін татады… » (Әли Имран сүресі, 185 – аят )

   Шара соңында қатысушылар марқұмдарға дұға бағыштап , осындай пайдалы семинарлардың қоғам үшін маңызы зор екенін жеткізді. «Қамқор–Шарапат» жобасы алдағы уақытта да жалғасын тауып, жамағатқа қажетті діни - танымдық шараларды ұйымдастыруды көздейді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: