Шу аудандық «Жәми» мешітінің ұстазы Ерғазы Ақпанов «Төле би» мешітінің жамағатымен арнайы кездесіп, рухани кеш құрды.
Тарауық намазы барысында ниет пен ықылас тақырыптарында кеңінен уағыз айтып, әрбір құлшылықтың қабыл болуы шынайы ниетке байланысты екенін атап өтті. Амалдың көптігі емес, ықыластың тазалығы маңызды екендігін түсіндіріп, жүрек тәрбиесі мен имандылықтың мәніне тоқталды.
Уағыздан кейін жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға нақты әрі тұшымды жауаптар беріліп, діни мәселелер төңірегінде пайдалы пікір алмасу өтті.
Кездесу соңында жамағат ұстазға алғыстарын білдіріп, рухани әсер алғандарын жеткізді. Шара жамағаттың бірлігін арттырып, Рамазан айындағы құлшылыққа деген жігерін күшейтті.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



05 Наурыз 2026
16 Рамадан 1447

